Жарнама
Жарнама
Бір секунд шешті: Кристина Морозова Азия ойындарында "күміс" алды
kz.kursiv.media

Бір секунд шешті: Кристина Морозова Азия ойындарында "күміс" алды

Кристина Морозова 21,1 шақырымдық қашықтықты (жартылай марафон) 1:35:25 уақытта бағындырды. 

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында спорттық жүрістен күміс медаль иегері атанды. 

Кристина Морозова 21,1 шақырымдық қашықтықты (жартылай марафон) 1:35:25 нәтижесімен аяқтады.

Екінші орын үшін тартыс мәреге дейін жалғасты. Қазақстандық спортшы Қытай өкілі Цзян Юньяньды небәрі бір секундқа басып озды. Қытайлық атлеттің нәтижесі – 1:35:26.

Ал алтын медаль тағы бір қытайлық спортшы Ян Люцзинге бұйырды. Ол қашықтықты 1:33:40 уақытта жүріп өтті.

Тағы бір қазақстандық алтыншы орын алды

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина жарысты алтыншы орында аяқтады. Оның көрсеткіші – 1:43:21.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жарыстар бүгін басталды.

Жарнама
Жарнама