Футбол
Бөлімдер
Қазақстан Құрама

"Астана" банкрот болды: клуб Қазақстан чемпионатынан шығады

"Астана" футзал клубы банкроттық рәсімін бастау туралы ресми хат жолдап, 2026/2027 жылғы Қазақстан чемпионатынан шығатын болды.

"Астана" банкрот болды: клуб Қазақстан чемпионатынан шығады
instagram.com/astana.futsal/

"Астана" маусымды жалғастырмайды

Елордалық футзал клубы банкроттық рәсімнің басталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Futsalkazakhstan. Осыған байланысты "Астана" Қазақстан чемпионатының 2026/2027 жылғы маусымындағы қатысуын тоқтатады.

Чемпионат басталып кеткендіктен және турнир күнтізбесі бекітіліп қойғандықтан команданың орнына басқа клубты қосу мүмкін болмай отыр.

"Астана" футзал клубы алғашында "Нұр-Сұлтан" атауымен құрылған. Команда Қазақстан чемпионатында 2020/2021 маусымынан бастап өнер көрсете бастады. Осы уақыт аралығында клуб ішкі біріншілікте чемпиондық атаққа немесе жүлделі орындарға іліккен жоқ.

Ең жоғары нәтижесі – плей-оффқа шығу

Команданың қазіргі уақытқа дейінгі ең ірі жетістігі – элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуы және чемпионаттың плей-офф кезеңіне шығуы. "Астана" 2025/2026 жылғы маусым қорытындысында турнир кестесінде 8-орынға ие болған еді.

Енді банкроттық рәсімінің басталуына байланысты клуб 2026/2027 жылғы чемпионатты жалғастырмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?