Футбол
Бөлімдер

Евгений Федоров Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Бұл – Евгений Федоровтың Азия ойындарындағы мансабындағы екінші медалі.

Евгений Федоров Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасының өкілі ерлер арасындағы тас жолдағы топтық жарыста мәреге екінші болып жетті.

Бұл – Евгений Федоровтың Азия ойындарындағы мансабындағы екінші медалі. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол 207,7 шақырымдық топтық жарыста чемпион атанған. Сол бәсекеде Федоров 4:25:29 нәтижесімен бірінші болып мәреге жетсе, Алексей Луценко дәл сондай уақытпен екінші орын алған еді.

Осылайша, Федоров Азия ойындарының топтық жарысында екінші рет қатарынан тұғырға көтерілді.

Алексей Луценко чемпион атанды

Жапониядағы жарыста алтын медальді тағы бір қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңіп алды.

Бұл жеңістен кейін Луценко Азия ойындарындағы алтын медаль санын алтыға жеткізіп, тәуелсіз Қазақстан тарихында осы додада ең көп алтын жеңіп алған спортшы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?