Қазақстандық семсерші Олимпиада чемпионын жарыстан шығарды
Соның арқасында Азия ойындарының қола медалін қамтамасыз етті.
Қазақстан құрамасының семсершісі Артем Саркисян Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей сынның жартылай финалына шықты.
Қазақстандық спортшы ширек финалда Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды жеңді. Қорытынды есеп - 15:14.
Қазақстанда кемінде қола медаль
Жартылай финалға шығу арқылы Артем Саркисян Азия ойындарында кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Енді қазақстандық спортшы финалға шығу үшін тағы бір Оңтүстік Корея өкілі О Сан Укпен кездеседі. Ол әлемдік семсерлесу спорты бойынша әлемдегі ең титулды спортшыларының бірі саналады.
О Сан Ук Париж-2024 Олимпиадасында жекелей және командалық сайыста жеңіске жеткен. Бұған дейін Токио-2020 ойындарында да командалық жарыста алтын медаль алған. Яғни Саркисян финал жолдамасы үшін үш дүркін Олимпиада чемпионына қарсы шығады.