Футбол
Бөлімдер

Әсем Орынбай Азия ойындарында стенд атудан қола медаль еншіледі

Қазақстандық мерген стенд атудың скит дисциплинасында үшінші орынға көтерілді. 

Әсем Орынбай Азия ойындарында стенд атудан қола медаль еншіледі
Спортты дамыту дирекциясы

Финалда үшінші нәтиже көрсетті

Әйелдер арасындағы скит бәсекесінің финалы Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары аясында өтті.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әсем Орынбай шешуші кезеңде 28 ұпай жинап, қорытынды есепте үшінші орынға тұрақтады. Осылайша Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі.

Финалда Орынбайға азиялық қарсыластары айтарлықтай бәсекелестік танытты. Жарыстың алтын медалін қытайлық жеңіп алса, екінші орынға Таиланд өкілі ие болды. Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір мерген Зоя Пискун финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша алтыншы орыннан көрінді.

Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

Әсем Орынбайдың бұл нәтижесі Қазақстанның стенд ату құрамасы үшін Азия ойындарындағы кезекті жүлде болды.

Бұған дейін Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Әдел Садақбаева скиттен командалық жарыста Қазақстанға күміс медаль әкелген еді. Осылайша Әсем Орынбай Азиада-2026 додасында командалық және жекелей сында жүлде еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?