Футбол
Бөлімдер

"Барыс" ҚХЛ рекордын қайталады

Айта кетейік, "Барыс" екінші рет қатарынан сырт алаңдағы матчта жеңіске жетті. Елордалық клубтың қоржынында қазір 10 ұпай бар. 

"Барыс" ҚХЛ рекордын қайталады
sports24.kz

Астаналық "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы рекордты қайталады. Қазақстандық команда Мәскеудің "Динамосына" қарсы сырт алаңдағы ойында 41 соққыны тойтарды. Бұл туралы ҚХЛ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін мұндай көрсеткішке 2023/24 маусымында "Амур" жеткен еді. Хабаровск клубы "Тракторға" қарсы кездесуде 41 соққыға тосқауыл қойып, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Андрей Шутов 37 соққыны қайтарды

Астаналықтардың қақпашысы Андрей Шутов та жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ол өз қақпасына бағытталған 37 соққыны қайтарды.

Кездесу 4:1 есебімен "Барыстың" пайдасына шешілді. Гарретт Пилон дубль авторы атанса, Джейк Масси мен Джастин Бэйли бір-бір голдан соқты. "Динамо" сапындағы жалғыз шайбаны Никита Коростелёв енгізді.

Айта кетейік, "Барыс" екінші рет қатарынан сырт алаңдағы матчта жеңіске жетіп отыр. Жеті матчтан кейін "Барыстың" қоржынында қазір 10 ұпай бар.

Михаил Кравец командасы келесі кездесуін 25 қыркүйекте Астанада өткізеді. Қарсылас – Нижнекамскінің "Нефтехимигі".

Бұл туралы не ойлайсыз?