Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыстың" бүгінгі матчы өтпейтін болды

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында "Нефтехимикке" қарсы матчтың кейінге шегерілгенін ресми түрде хабарлады.

"Барыстың" бүгінгі матчы өтпейтін болды
hcbarys.kz

Матч 26 қыркүйекте өтеді

Қазақстанда жарияланған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты 25 қыркүйекке жоспарланған кездесу бір күнге ауыстырылды. Бұл шешім барлық тараппен келісілген.

"Барыс" пен Нижнекамскінің "Нефтехимигі" арасындағы матч 26 қыркүйекте сағат 13:00-де басталады.

Билеттер туралы

Елордалық клубтың мәліметінше, жанкүйерлерге билеттерін ауыстырудың қажеті жоқ. 25 қыркүйектегі ойынға сатып алынған барлық билет жаңа күнге белгіленген матчта жарамды болады.

Бастапқыда "Барыс" – "Нефтехимик" кездесуі 25 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 19:30-да өтуі тиіс еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?