Жарнама
Жарнама
Қазақстан Азия ойындарында стенд атудан бір күміс медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан Азия ойындарында стенд атудан бір күміс медаль жеңіп алды

Стенд атудан әйелдер құрамасы Жапониядағы Азия ойындарда күміс жүлдеге ие болды. 

Мергендер екінші орын алды

Скит бағдарламасында Қазақстан намысын Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Әдел Садақбаева қорғады.

Командалардың қорытынды нәтижесі үш мергеннің іріктеу кезеңде жинаған ұпайлары арқылы анықталды. Қазақстандықтар жалпы есепте 336 ұпай жинап, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Бұл сайыста ең жоғары нәтиже қытайлықтарға тиесілі болды. Аспанасты елінің өкілдері 357 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Үшінші орынға 331 ұпай жинаған Үндістан құрамасы жайғасты.

Скиттен командалық жарыстың үздік үштігі:

  1. Қытай - 357 ұпай;
  2. Қазақстан - 336 ұпай;
  3. Үндістан - 331 ұпай.

Қазақстанның медаль саны 16-ға жетті

Осы күмістен кейін Қазақстан құрамасының Азиада-2026 додасындағы жалпы жүлде саны 16 медальге жетті.

Ұлттық құраманың қоржынында қазіргі уақытта:

7 алтын медаль;
4 күміс медаль;
5 қола медаль бар.

Жапонияның Аити және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда мәресіне жетеді.

Жарнама
Жарнама