Жарнама
Жарнама
Қазақстан шахмат Олимпиадасында үздік үштікте келеді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан шахмат Олимпиадасында үздік үштікте келеді

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандтағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының тоғызыншы турында Моңғолиямен ұпай бөлісті.

Асаубаева мен Нұрман жеңіске жетті

Бірінші тақтада ойнаған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Бат-Эрдэнэ Мөнгөнзулды жеңіп, команда қоржынына маңызды ұпай салды.

Алуа Нұрман да өз партиясын сәтті өткізді. Ол Төрмөнх Мөнхзулдан басым түсіп, ұлттық құраманың екінші ұпайын еншіледі.

Моңғолия екі партияда басым болды

Қалған екі кездесуде моңғолиялықтар жеңіске жетті. Меруерт Қамалиденова Баясгалан Хишигбаатарға жол берсе, Зарина Нұрғалиева Батхуяг Мөнгөнтуулдан ұтылды.

Тоғыз турдан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшылар тобында қалып, жоғары орындар үшін таласты жалғастырып келеді.

Турнир кестесінде Қытай құрамасы жеке-дара көш бастады. Қытайлық шахматшылар тоғызыншы турда Арменияны жеңді. Самарқандтағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының аяқталуына екі тур қалды.

Жарнама
Жарнама