Қазақстандық велошабандоз Азиада алтынынан кейін күміс медаль еншіледі
*Рината Сұлтанова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында екінші жүлдесін иеленді.
Ол тректегі велоспорттың омниум сайысында күміс медаль алды. ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Сұлтанова төрт кезеңнен тұратын омниум жарысында сынға түсті.
Алтын медальді 136 ұпай жинаған жапониялық Юми Кадзихара жеңіп алды. Гонконгтан келген Ли Сзе Винг 124 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Рината Сұлтанова бұған дейін Қазақстан қоржынына Азиада-2026 додасындағы алғашқы алтын медаль салған еді. Ол 20 қыркүйектел әйелдер арасындағы тасжолдағы жекелей веложарыста жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық велошабандоздың биылғы Азия ойындарындағы еншісінде бір алтын және бір күміс медаль бар.
Жарнама
Жарнама