Қазақстандық мерген әлем кубогының суперфиналына қатысады
13.09.2024, 15:15
Байрақты бәсеке 13-18 қазан аралығы өтеді.
olympic.kz
Тура бір айдан кейін Үндістан астанасы Нью-Делиде стенд ату спортынан әлем кубогының суперфиналы өтеді.
Бұл жарысқа Қазақстан атынан жалғыз спортшы қатысады. Әсем Орынбай есімді бұрымдымыз «Скит» дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Айта кетейік, Әсем биыл Париждегі Олимпиада ойындарында да бақ сынаған болатын. Өкінішке қарай, отандасымыз дүбірлі додада жүлделі орынға қол жеткізе алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама