ҰҚК қырғыз көкпаршысына қысым көрсетті деген айыпқа жауап берді
13.09.2024, 19:16
12 қыркүйек күні БАҚ және әлеуметтік желілерде Қырғызстан көкпаршысына ҰҚК қызметкері тарапынан қысым көрсетілгені туралы ақпарат тараған болатын.
azattyq-ruhy.kz
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы мәселеге қатысты ресми жауап берді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама