Англия УЕФА турнирлерінен шеттетілуі мүмкін
15.09.2024, 14:14
Мемлекет 2028 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан да айырылады деген де қауіп бар
XSPORT.ua
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының мұндай шешім қабылдауына Англия үкіметінің футболға араласуы түрткі болуы мүмкін.
The Telegraph басылымның ақпары бойынша, Англияны кәрі құрлық жарыстарынан шеттетуге футбол саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын тәуелсіз реттеуші органның құрылуы себеп болуы мүмкін. Оның концепциясын Ұлыбританияның негізгі саяси партиялары ұсынған.
Аталған мәселе бойынша УЕФА бас хатшысы Теодор Теодоридис корольдіктің спорт министрі Лиза Нэндиге тиісті хат та жолдаған. Онда ел үкіметінің футболдың дамуына араласпауы керек екені жазылған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама