Бүгін Қазақстан құрамасы Испаниямен кездеседі
15.09.2024, 15:43
Бұл - Қазақстан футзалшыларының Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуі.
KazFootball.kz
Ойын Астана уақытымен 17:30–да басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейін, Қазақстан құрамасы D тобында өнер көрсетеді. Бұл төрттікте Қазақстаннан бөлек, Испания, Ливия және Жаңа Зеландия командалары бар.
Ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.
Жалпы, өзбек жерінде өтіп жатқан жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама