Қазақстандық зілтемірші әлем біріншілігінде қола жүлде иеленді
24.09.2024, 10:32
Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына ел атынан Ерасыл Сәулебеков қатысты.
inform.kz
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келіні бағындыра алды. Осылайша отандасымыз серпе көтеруде күміс, жалпы сайыста қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордшысы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама