Азия чемпионына жасалған қастандық: оқиғаның мән-жайы анықталды

Редактор Penalty.kz
02.10.2024, 11:00

Исахановқа пышақ сұққан күдікті ұсталды.

Kazlenta.kz

Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Дамир Исахановқа неліктен қастандық жасалғаны белгілі болды. Жақындарының айтуынша, спортшы екі жыл бойы қарызға берген қаржысын қайтара алмай келеді. Соны сұрай бергені үшін де оған қастандық жасалған көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасына мәлімдеді.

Қазір дзюдошының жағдайы бірқалыпты. Ота жасатып, ем алуда. Ал 300 мың АҚШ долларын қарызға алып, кейін пышақ сұққан күдікті қамауда. Полицейлер осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға осыдан екі апта бұрын болды. Исаханов қаладағы мейрамханалардың біріне қарыз алғандармен сөйлесуге барған кезде әңгіме ушығады. Аулаға шығып, көлігіне міне бергенде, бір топ ер азамат дзюдошыны қоршап алып, спортшының жүрек тұсына пышақ сұққан.