Байрақты бәсекеде 26 елден келген 210 спортшы бақ сынайды.
Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Ұлттық олимпиада комитеті келтірген мәлімет бойынша дүбірлі додаға әлемнің 26 елінен 210 спортшы қатысады. Қазақстан атынан 10 спортшы бақ сынайды. Олар:
Кирилл Герасименко;
Алан Құрманғалиев;
Искандер Харки;
Айдос Кенжеғұлов;
Санжар Жұбанов;
Сарвиноз Миркадирова;
Зауреш Акашева;
Анастасия Лаврова;
Анель Бақыт;
Ангелина Романовская.
Жарыс жүлделері ерлер және әйелдер арасында жекелей сын, командалық, жұптық және аралас сын санаттары бойынша сарапқа салынады.
Айта кетейік, үстел теннисінен сары құрлық біріншілігін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жарыс күн сайын таңғы сағат 10:00-де басталады.