Еуро-2024 кезіндегі "нацистік сәлемі" үшін Демиралға ескірткіш орнатылды

Редактор Penalty.kz
07.10.2024, 13:15

Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралға арналған ескірткіштің ашылу салтанаты жуырда өтті. Оған жергілікті әкім мен тұрғындар қатысты. 

BgDerby.com

2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Түркия құрамасы Австрияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін "қасқырдың сәлемін" көрсеткен Демиралды УЕФА екі ойынға шеттеткен еді. Көп ұзамай Болу қаласының әкімі Танжу Өзжан "әл-Ахли" футболшысының құрметіне ескерткіш орнатуға уәде берген болатын. Әкім сөзінде тұрды. Демиралдың өзінен рұқсатын да алған. 

«Біз Мерих Демиралдың келісімін алдық. Себебі көзі тірі адамдарға ескерткіш орнату үшін олардың рұқсатын алу маңызды. Ол менің ұсынысымды қуана қабыл алды. Футболшының бұл әрекеті үшін неге жазаланғанын түсіну қиын. Бұл ишараны түріктер ғасырлар бойы  Орта Азияда, Албания мен Болгарияда, сонымен қатар Иран мен Әзербайжан түріктері қолданып келді. Бұл - түрік әлемінің символы», - деді Өзжан.

Айта кетейік, бұл ишараны пантүркистік және неофашистік “Бозқұрт” қозғалысын жақтаушылар қолданады. Сонымен қатар, ол Ұлтшыл қозғалыс партиясы секілді экстремистік партия мүшелері арасында да танымал. Аталған ишара Франция мен Австрияда тыйым салынған, себебі оны жиі нацистік сәлеммен салыстырады.