Қазақстан спортшылары 9 айда 621 медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
17.10.2024, 13:45

Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпар бойынша оның 213-і алтын, 191-і күміс және 217-сі қола жүлде.

Liter.kz

9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары әлем және Азия чемпионаттары, өзге де халықаралық жарыстарға қатысып, 621 медаль жеңіп алған. Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпар бойынша оның 213-і алтын, 191-і күміс және 217-сі қола жүлде.

«Тоғыз айдың ішінде отандық спортшылар бірқатар тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Жыл басында Оңтүстік Кореяда өткен IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных осы спорт түрінен тұңғыш рет чемпион атанса, ақпанда Қатар мемлекетінде өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында әртістік жүзуден аралас дуэт бағдарламасында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова тарихи нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Наурызда шорт-тректен ұлттық құрама спортшысы Денис Никиша Роттердамдағы (Нидерланд) әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Бұл – шорт-тректен ел тарихындағы алғашқы күміс медаль. Бұған дейін бірде-бір спортшымыз мұндай жетістікке қол жеткізе алмаған еді», - делінген Туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.