Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түрмеге қамалды

Редактор Penalty.kz
22.10.2024, 13:27

Іс кеше Алматы қаласы Медеу аудандық No2 сотында қаралды. Бүгін сот үкімі шықты.

Malim.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеу жазасының қалған мерзімі бас бостандығынан айыру ауыстырылды.

Іс кеше Алматы қаласы Медеу аудандық No2 сотында қаралды. Бүгін сот үкімі шықты.

"Пробация қызметінің жазаны ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылды, жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды", — деп хабарлады судья.

Осылайша Нұрасыл Болат қауіпсіздігі орташа мекемеге жазасын өтейді. Ол сот залында қамауға алынды.

Істі қарау барысында пробация қызметінің өкілі жазасын өтеу тәртібін бұзуға жол бермеу туралы бірнеше рет профилактикалық әңгімелесулер жүргізгенін айтты.

"Бірнеше рет ескертулерге және электронды бақылау құралының болуына қарамастан, ол 2024 жылдың 11 қазанында және 12 қазанында жазасын өтеу тәртібін екі рет бұзған. Осылайша, орналасқан жерді бақылау платформасын бақылау кезінде оның 11 қазан күні кешке мейрамханада болғаны анықталды. 12 қазан – караоке-барда... Осыны негізге ала отырып, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жасап жатырмыз", — деді ол.