Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Головкин АҚШ ҰОК жаттығу орталығы жұмысымен танысты

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2024, 15:43

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин АҚШ-та іс-сапармен жүр. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев іс-сапармен Американың Колорадо-Спрингс қаласындағы АҚШ Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Олимпиадалық және Паралимпиадалық жаттығу орталығында  (USOPC) болды.

АҚШ ҰОК өкілдері спорт кешенін таныстырып, бокс, оқ ату, күрес, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарының мүмкіндіктерін көрсетті.

Бұдан бөлек, USOPC қызметкерлері нутрициология және спорт ғылымы саласындағы зерттеу бөлімінің қызметімен таныстырды. Қазақстан ҰОК делегациясы сондай-ақ, көпфункционалды жаттығу залы мен медициналық кампустың жағдайын көріп шыққан.

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының спортшылары үшін осы спорт кешенінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин АҚШ-қа World Boxing Халықаралық бокс федерациясының Конгресіне қатысу үшін барған болатын. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары