Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Астана» барлық легионерінен айырылуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
04.11.2024, 22:03

Осы маусымда елордалық клубтың ойыны көңіл көншітпейді. 

pbcastana.kz
Реклама
Реклама

ВТБ Лигасында ойнайтын «Астана» баскетбол клубы келесі маусымаралық кезеңде барлық легионерінен айырылуы мүмкін. Оған Қазақстанда әзірленіп жатқан заң жобасы себеп, дейді «Перехват» Telegram арнасы.

«2025 жылдың шілдесінде елде спорт клубтарына мемлекеттен, мемлекеттік компаниялардан және квазимемлекеттік сектордан алынған қаражаттан легионерлерге жалақы төлеуге тыйым салатын заң жобасы қабылдануы тиіс. Яғни, командалар легионерлер шақырғысы келсе, олардың жалақысын төлеуге бөлек қаражат табуы керек. Бұдан бөлек, бас демеушінің қаражаты арқылы логистика соның ішінде сырт алаңда өтетін матчтармен байланысты ұшу, қонақ үй және басқа да шығындарды төлеуге болмайды.

Бұл мәселе ресейлік ойыншыларға да қатысты. ВТБ үшін олар легионер болмаса да, Қазақстан билігі үшін Қазақстан Республикасының паспорты жоқ кез келген ойыншы — легионер саналады. Заң жобасында «легионер» сөзі қолданылмайды, онда бәрі нақты көрсетілген: Қазақстан азаматтары емес.

Мұны Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев растады.«Біз бірнеше клубты тексердік. Шетелдіктерге қаншама ақша жұмсалып жатыр! Егер клубтар легионерлерді ұстағысы келсе, мархабат, бірақ бюджет қаражаты есебінен емес», — делінген хабарламада.

2024/2025 маусымында «Астана» баскетбол клубы 12 матч өткізіп, барлығында жеңіліске ұшырады. Қазіргі уақытта қазақстандық клуб кестеде соңғы орында тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары