Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері спорттан өмір бойына шеттетілді

Редактор Penalty.kz
06.11.2024, 20:10

Халықаралық тестілеу агенттігі қазақстандық бапкер Алексей Нидің ісіне нүкте қойды.

Vesti.kz

Халықаралық тестілеу агенттігі қазақстандық бапкер Алексей Нидің ісіне нүкте қойды. Sportarena.kz хабарлауынша, атақты ауыр атлеттеріміз - Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рагимовқа қатысты допинг дауына байланысты Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысын уақытша шеттеткен еді. Енді Алексей Нидің өмір бойына спорттан шеттетілгені белгілі болып отыр.  

Айта кетейік, 63 жастағы Ниге қатысты қатаң жаза туралы ақпаратты ҚР Ауыр атлетика федерациясы хабарлады. 

Алексей Геннадьевичтің інісі Виктор Ниге келетін болсақ, оған төрт жылдан астам мерзімге дисквалификация қаупі төніп тұр. Дегенмен, оған қатысты ресми шешім әлі шыққан жоқ. Ол құрамада ұзақ жылдар бойы аға жаттықтырушы қызметін атқарған болатын.