Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Халықаралық турнирде қазақстандық шахматшылар «алтын» алды

Редактор Penalty.kz
11.11.2024, 17:20

Жарыс Қонаев қаласында өтті.

qonaev-gorod.kz

Қонаев қаласында халықаралық шахмат турнирі аяқталады. Алматы облысында үшінші рет ұйымдастырылған турнирге 12 елден 240 спортшы қатысты. 

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында АҚШ атынан сынға түскен белгілі гроссмейстер Тимур Гареев жеңіске жетті. 

Ал әйелдер арасында индонезиялық Челси Моника Иглесиас үздік нәтиже көрсетті.

Швейцариялық жүйе бойынша жылдам ойналатын шахмат турнирінде Ақылбай Иманғали, Малика Зиядин, Жамал Мамадов, Айя Тайырқызы, Әділ Азатжан сияқты Алматы қаласында жаттығатын өрендеріміз өз жас ерекшеліктері бойынша үздік атанып, алтыннан алқа тағынды. 

Ардагерлер арасында Марат Пірімбетов бірінші орын алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықпен марапатталды.