Қазақстандық могулшылар маусымда 6 медальмен бастады
Халықаралық турнир Аустрияда өтті.
Қазақстанның фристайл-могул командасы Австрияның Хинтертуксіндегі шаңғы шипажайында өткен FIS Open халықаралық турнирін сәтті аяқтады.
Спортшыларымыз маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.
Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарса, Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Аяулым Әмренова могулда күміс, Антон Бондарев қола медаль еншіледі.
Жарнама
Жарнама