7 елдің үздіктері Шымкентте бас қосты

Редактор Penalty.kz
12.11.2024, 15:09

Қалада спорттық ату түрлерінен Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық туринир өткен болатын. 

olympic.kz

7 елдің үздіктері Шымкентте бас қосты. Мұнда cпорттық ату түрлерінен Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық туринир өтті. Дәстүрлі дода осымен 33-ші  жыл қатарыннан ұйымдастырылды. 

Жарысқа Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Италия және Қазақстанның сұрмергендері жиналып, бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, стенд атудың трап бағытында ұлттық құраманың капитаны Әлішер Айсалбаев ең үздік нәтиже тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. 
Әйелдер арасында шымкенттік Карина Почивалова алтын жүлдегер атанды. Скит бағытында ерлер арасында тағы бір қазақстандық Артем Сидельников, ал, әйелдер арасында Зоя Кравченко топ жарды. 
Бұған қоса, жабық кешенде винтовкамен және тапаншамен нысана көздеу бойынша да сындар болды және ұлттық құрама өкілдері жақсы өнер көрсетті. Дәл осындай форматтағы жарыс отандық спортшылардың деңгейін анықтауға, шеберлігін шыңдауға және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін көтеруге кермет мүмкіндік дейді мамандар.