Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

13 жастағы Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан сенсация жасады

Редактор Penalty.kz
14.11.2024, 11:16

Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

kaz.inform.kz

Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бәсекеге 17 өңірден 212 спортшы қатысуда. 

Бүгін жарыстың алғашқы медальдар сарапқа салынды. Нәтижесінде небәрі 13 жастағы Снежана Кашкарова ауыр атлетикадан сенсация жасады. 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 128 келіні (57+71) бағындырып, үздік атанды. 

Бірінші күннің нәтижелері:

Әйелдер (45 кг)

1. Снежана Қашқарова (Жетісу облысы) - 128 кг (57+71)

2. Ирина Чумак (Қостанай облысы) - 105 кг (45+60)

3. Ясмин Жұматаева (Абай обл.) - 94 кг (42+52)

Әйелдер (49 кг)

1. Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) - 143 кг (63+80)

2. Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау облысы) - 137 кг (60+77)

3. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) - 120 кг (50 + 70)

Ерлер (55 кг)

1. Анатолий Грубов (Жетісу облысы) - 229 кг (110+119)

2. Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) - 218 кг (95+123)

3. Данил Корчагин (Ақмола облысы) - 212 кг (96+116)

Айта кетейік, Ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 19 қарашада мәресіне жетеді.