Ұлттық олимпиадалық комитеттің басшысы Азия Олимпиадалық кеңесі спорт комитетінің мүшесі болды.
ҰОҚ басшысы Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) спорт комитетінің мүшесі атанды. Бұл туралы ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Ал Бас хатшы Әлімжан Ақаев халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды.
PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шөкенова енді медиа және БАҚ комитетінің құрамында. Өз кезегінде Ақпарат және статистика комитетіне спорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов мүше.
Сонымен қатар, Орталық Азия бойынша аймақтық допингке қарсы ұйымның (Radoca) директоры Венера Абдулла допингке қарсы комиссияның мүшесі болды. Айта кетейік, АОК комитеттерінің жаңартылған құрамы 2028 жылға дейін жұмыс істейді.