Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Депутат Мұрат Әбеновтың айтуынша, «Астанаға» қыруар қаржы бөлінгенімен, нәтиже жоқ.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа «Астана» велокомандасының болашағына қатысты сұрақ жолдады.
Халық қалаулысының айтуынша, еліміздің бүкіл спорт саласына 35 миллиард теңге бөлінсе, жалғыз «Астана» велокомандасына 31 миллиард теңге беріледі. Қыруар қаржы алғандарына қарамастан, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Мәселен, команда капитаны Токио ойындарында 21-ші болса, Парижде 51-орын иеленген.
“Команда шетелде өнер көрсетеді. Бұл - бизнес жоба. Бірде-бір рет елдің туы көтерілмеді, біздің ел туралы мүлдем ештеңе айтылмайды. Команда Қазақстанға мүлдем келмейді. Еуропада өнер көрсетіп, бәрі сол жақта жүреді. Командаға мүше 29 адамның 10-ы ғана Қазақстан азаматы. Команданы қашанға дейін қаржыландыра береміз?” - деді Әбенов.
Өз кезегінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазіргі таңда талдау, саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп жауап берді.
"Ал велокомандаға бөлінетін қаржы мөлшері 31 миллиард теңге емес, 5-6 миллиард төңірегінде", - деді министр.