Бибісара Асаубаева саясатқа араласқалы жатыр ма?
15.11.2024, 12:45
Қазақстандық шахматшы осыған қатысты сұраққа жауап берді.
Time.kz
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева болашақта саясатпен айналысу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.
«Ешқашан деме ешқашан. Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, бірақ қазіргі таңда жоқ. Оған қоса саясат – жай ғана қалаумен келетін сала емес, ол өте маңызды кәсіп», – деп жауап берді Асаубаева «Инстаграмдағы» жазылушысының сұрағына.
Айта кетсек, қарашаның басында Бибісара Шымкентте өткен әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің екінші кезеңінде үшінші орын алды. Жалпы Гран-при кестесінде Асаубаева екі кезеңнің қорытындысы бойынша көш басында келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама