Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды

Редактор Penalty.kz
24.11.2024, 12:58

Халықаралық жарыс Қытайдың Чунцин қаласында өткен болатын. 

Vesti.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль алды. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады. 

Қысқа бағдарламада Шайдоров екінші орынға тұрақтап, кейін сол орынды соңына дейін сақтап қалды.

Ал еркін бағдарлама үшін қазылар алқасы қазақстандық спортшыға 182,96 ұпай берді. Нәтижесінде Шайдоров 276,17 ұпаймен "күміске" қол жеткізді. 

Айта кетейік, бұл турнирде алтын медаль жапон Сюн Сатоға (278,48 ұпай) бұйырды. Ал "қоланы" француз Адам Сяо Хим Фа (252,53 ұпай) алды.