Қазақ қызы Антарктиданы жүзіп өтті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.11.2024, 19:32

5 жыл бұрын ол Ла-Манш бұғазын (38 км) гидрокостюмсіз жүзіп өткен болатын. 

https://kaz.inform.kz/

Батыс Қазақстан облысының тумасы Әнел Сытдықова Антарктиданы бағындырды. Атап айтқанда, 12 қараша күні ақ құрлық суын жүзіп өтті. Бұл туралы inform.kz хабарлады. 

750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта жүзіп өткен. Таңқаларлығы сол, Сытдықова жүзерде судың температурасы -1,4 градус болған. Ал желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырымды құраған. 

«International Ice Swimming Association (Халықаралық қысқы жүзу қауымдастығы) ұйымдастырушысы әрі негізін салушы Рам Баркай басшылық еткен біздің топқа Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Мажарстан, Малайзия, Аустралия мен Қазақстаннан 13 жүзуші және бір доктор кірді. Арамызда Ice Seven, Lynton Mortensen, Oceans Seven титулдарын иеленген әлемдегі үш адамның бірі Kate Steels сияқты атақты жүзу шеберлері болды», - деді Әнел Сытдықова. 

Айта кетейік, Әнел Сытдықова – триатлоннан Қазақстанның тұңғыш темір ханшайымы, бірінші айронмен (Ironman) және ультрамен (Ultraman). 

Сонымен қатар, Әнел осыдан 5 жыл бұрын қазақстандықтар арасында алғаш болып әйгілі Ла-Манш бұғазын (38 км) гидрокостюмсіз жүзіп өткен болатын.