Рейтинг бұрымдылар арасында ғана жасалды.
Биыл ең көп табыс тапқан спортшы қыздардың тізімі жарияланды. Оны Sportico порталы жасап шықты. Үздік он бестікте қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да бар.
Рейтингтің бірінші орнында әлемнің үшінші ракеткасы Кори Гауфф тұр. Аталған басылымның есебі бойынша 2024 жылы америкалық теннисші $ 30,4 млн ($ 9,4 млн сыйақы + $ 21 млн демеушілік келісімшарттар) табыс тапқан. Ал WTA рейтингінің көш басында тұрған белорусь Арина Соболенко 17,7 млн доллармен ($ 9,7 млн + $ 8 млн) бесінші орынға жайғасты.
Бір айта кетерлігі, топ-15-тегі спортшылардың тоғызы теннисшілер.
1. Кори Гауфф (АҚШ) — $ 30,4 млн ($ 9,4 млн сыйақы + $ 21 млн демеушілік келісімшарттар).
3. Ига Швёнтек (Польша) — $ 21,4 млн ($ 8,4 млн + $ 13 млн).
4. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — $ 20,6 млн ($ 5,6 млн + $ 15 млн).
5. Арина Соболенко (Беларусь) — $ 17,7 млн ($ 9,7 млн + $ 8 млн).
6. Наоми Осака (Жапония) — $ 15,9 млн ($ 870 мың. + $ 15 млн).
7. Эмма Радукану (Ұлыбритания) — $ 14,7 млн ($ 671 мың. + 14 млн).
11. Жасмин Паолини (Италия) — $ 10 млн ($ 6,5 млн + $ 3,5 млн).
13. Джессика Пегула (АҚШ) — $ 8,2 млн ($ 4,2 млн + $ 4 млн).
14. Елена Рыбакина (Қазақстан) — $ 7,9 млн ($ 3,9 млн + $ 4 млн).