Отандасымызға әлем кубогының қола жүлдесі бұйырды
10.12.2024, 13:01
Конькимен жүгіруде Қазақстан құрамасының өкілі Арина Ильященко жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында үшінші орынға көтерілді.
ulyssport.kz
Томашув-Мазовец (Польша) жерінде Арина 1500 метр қашықтықта үшінші уақыт көрсетті.
Бірінші орынды германиялық Марлен Эхселунс жеңіп алса, италиялық Джорджиа Айело мәре сызығын екінші боп қиды.
Сонымен қатар қазақстандық конькишілер әлем кубогы кезеңінде аралас эстафетада үздік үштікті түйіндеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама