Ерсұлтан Нәметуллаев 50 метр қашықтықты 30,00 секундта жүзіп өтіп, Қазақстанның жаңа рекордын да орнатты.
Египет астанасы Каирде өткен World Series of Paraswimming әлемдік жарысында қазақстандық екі спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жастар арасында 50 метрге еркін стильде жүзуден Ерсұлтан Нәметуллаев (S9) пен брасс әдісімен 100 метр қашықтыққа жүзу сынында Әли Тұрғанбеков (SB4) қола медаль жеңіп алды.
Ерсұлтан Нәметуллаев 50 метр қашықтықты 30,00 секундта жүзіп өтіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Ал Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуде өз нәтижесін жақсартып, Қазақстанның тағы бір рекордын жаңартқан.
Айта кетсек, жарысқа әлемнің 18 елінен 90-ға жуық параспортшы қатысты. Бұл жарыста еліміздің спортшылары жалпы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.