Жүзуден әлем чемпионаты: Қазақстан үшінші рекорд орнатты
11.12.2024, 19:50
Қазақстандық жүзушілер Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде ел рекордын жаңартуды жалғастырып жатыр.
halyk-uni.kz
Бүгін отандастарымыз 4×50 метр аралас құрамды эстафетада жаңа жетістікті бағындырды.
Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ксения Игнатова мәреде 1.42.20 уақыт көрсетті.
Бұған дейін Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй әдісі) және еркін әдіспен жүзуде 4×100 метр эстафетада ерлер командасы Қазақстан рекордын жаңартқан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама