Ауыр атлетикадан ӘЧ аяқталды. Қазақстанның орны қандай?

Редактор Penalty.kz
16.12.2024, 09:25

Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мәреге жетті. 

golos-naroda.kz

Қазақстан намысын 15 атлет қорғады (10 ер және 5 әйел). Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов алтыннан алқа тағынса, Алексей Чуркин күміс медальмен күптелді. 

Атлеттеріміз әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде үшінші орынға жайғасты:

  1. Солтүстік Корея: "алтын" - 9, "күміс" - 5, "қола" - 2.
  2. Қытай: "алтын" - 4, "күміс" - 2, "қола" - 3.
  3. Қазақстан: "алтын" - 2, "күміс" - 1, "қола" - 0.

Осылайша ұлттық құрама әлем чемпионатында ерлердің арқасында жоспарды асыра орындады. Бастапқыда Бахрейнде бір алтын, екі күміс және бір қола медаль алу мақсаты тұрған.

Ал 2023 жылы әлем біріншілігінен қоржынымыз бос қайтқан.

2025 әлем чемпионаты Норвегияның Фёрде (3-12 қазан) қаласында өтеді.