Грузияның Бакуриани жерінде фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Қазақстан құрамасындағы ең үздік нәтижені Юлия Галышева көрсетті. Ол екі рет үздік бестікке енді. Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері могул бағдарламасында төртінші орынға, ал параллель могулда бесінші орынға ие болды. Анастасия Городко 14-ші және 8-ші орындарды иеленді. Аяулым Әміренова 18-ші және 17-ші орындардан көрінді.
Ерлер арасында Павел Колмаков екі рет 11-ші орында аяқтады. Антон Бондарев 36-шы және 38-ші орындарды, Федор Бугаков 38-ші және 39-шы орындарды, ал Максим Емельянов 42-ші және 43-ші орындарды иеленді.