Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанды 2025 жылдың әлем чемпионатын қабылдайтын мемлекет ретінде жариялады.
Байрақты бәсекеде жастар және жасөспірімдер сынға түседі. Әзірге оның қашан және қай қалада өтетіні беймәлім. Ол Алматы немесе Астана болуы мүмкін. Барлығы IWF өз күнтізбесінде чемпионатты қандай айға қоятынына байланысты. Ресми мәлімдеме әлі ешкім жасаған жоқ.
Айта кету керек, соңғы рет Алматы 2014 жылы әлем чемпионатын қабылдаған. Сол кезеңнен бері Қазақстанда ауыр атлетикадан халықаралық деңгейде жарыстар өткен емес.