Қазақ қыздары Эвересті бағындырды

Редактор Penalty.kz
04.01.2025, 17:36

Тарихта Эвересті небәрі 800 әйел бағындырған. 

The-Village.kz

2024 жылы әлемдегі ең биік Эверест шыңын екі бірдей қазақ қызы бағындырды. Бұл туралы 24KZ хабарлады. Бірінші болып Анар Бурашеваның бағы жанса, кейін Жәмилә Баширова алып таудың шыңына шықты. Анар Бурашеваның айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін ол 10 жыл үздіксіз дайындалған. 

"Мен бұл жеңісімді барлық қазақ қыздарына және өмірден өткен әкеме арнадым. Қазақ әйелдерінің қолынан бәрі келеді. Бізде күш, жігер, намыс сияқты адми қасиеттер басым деп ойлаймын. Оның үстіне бұл өте қымбат жобалардың қатарынан. Мәселен, бір адамға 40 мың доллардан 60 мың долларға дейін қаражат жұмасалады. Компанияның, демеушілердің  туған-туыс, дос-жаранның үмітін ақтауға тырыстым. Экспедиция 45 күнге созылды және штурм 5 күндей болды.  8848 метр биіктікті бағындырдық", - дейді Анар.

Эверестке шыққан тағы бір қазақ қызы Жәмилә Баширова. Бірінші мүмкіндігінде екпінді жел кедергі келтіргенімен, екіншісінде дегеніне жеткен. Жалпы, Жәмилә соңғы үш жылда ол  Еуропаның ең биік нүктесі Эльбрусты, Оңтүстік Америкадағы  Аконкагуа шыңын, сонымен қатар Қырғызстандағы Ленин шыңын бағындырған. Бірақ мұнымен тоқтап қалмақ емес. 

"Тауға шығуды пандемия кезінде 2020 жылы бастадым. Кейін сүйікті ісіме айналып кетті. Мен жастарға тауға шығыңдар дер едім. Ол адамға керемет сезім сыйлайды. Өзбасым Алматы маңындағы тауларға шығып бастағам. Алда жоспарым көп. Тоқтап қалмаймын", - альпинист қыз.

Айта кетейік, тарихта Эвересті 800 әйел бағындырған. Анар 800-ші әйел ретінде тіркелді. Осылайша, қазақстанның рекордтар кітабына енді.