Қазақстан әлемдегі үздік құрама номинациясына ұсынылды
Futsal Planet нұсқасы бойынша Қазақстан 2024 жылдың үздік команда аталымына ұсынылды.
Қазақстаннан бөлек әлемнің үздік футзал құрамасы тізімінде тағы тоғыз команда бар. Олар: Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Морокко, Таиланд және Украина.
Қазақстан 2024 жылы Өзбекстандағы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жетті. Ұлттық құрама турнирде әлемнің экс-чемпиондары Португалиядан басым түсті. Ал финалда Бразилия Аргентинаны жеңіп әлем чемпионы атанды.
Одан қалды Қазақстан УЕФА рейтингінде Португалиядан кейін екінші орында тұр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.