Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Нью-Йоркте блиц бойынша әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Жаңа Жылды қарсы алу үшін қалада қалуға шешім қабылдады.
Бірақ оның Америкадан алған әсері күткендей болған жоқ. Асаубаева мегаполистен үміт ақталмағанын айтты:
"Өкінішке қарай мұнад өте лас және қауіпті. Мен қыздарға жалғыз жүруге, әсіресе метроға баруға кеңес бермес едім. Менің көзімше ол жерде бірінші күні адамға шабуыл жасалды. Мен күткендей мерекелік атмосфера сезілмеді. Қар да, сиқыр да жоқ. Біз Таймс-скверге барғанымен онда қызықты ештеңе болған жоқ. Сөйтіп қонақ үйге оралып, жатып қалдық. Адам тым көп болды, қауіпті және ыңғайсыз".
Бұған дейін Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатында бірінші орынды ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен норвегиялық Магнус Карлсеннің бөліскені туралы өз ойын айтқан.
"Мұндай құбылыс осындай деңгейдегі шахмат турнирлерінде сирек болады. Екі спортшы да бұл орынға лайық деп санаймын", — деп атап өтті шахматшы.
Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева әлемдегі ең жас және болашағынан мол үміт күттіретін шахматшылардың бірі саналады.