Жарнама
Жарнама
Ішінде қазақстандық футбол командасы болған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
фото ашық дереккөздерінен алынды

Ішінде қазақстандық футбол командасы болған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ақтау әуежайына "Жетісу" ФК ұшқан Airbus A321 ұшағы қонуға мәжбүр болды.

Талдықорғандық футболшыларды оқу-жаттығу жиындарына апара жатқан ұшақ Алматы – Анталия бағыты бойынша рейс орындаған.

Шұғыл қону техникалық себептерге байланысты жасалды. Рейс 9 қаңтар күні таңға шегерілді.

Жолаушыларды тамақтандыру және қонақ үйде орналастыруды Air Astana өз мойнына алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Жетісу 16-орын