Эстониялық cпортшы екі зәулім ғимараттың арасын арқан бойымен жүріп өтті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
13.01.2025, 15:05

Яан Руз Дубайдағы зәулім ғимараттардың арасын жалғаған 224 метр биіктіктегі арқанның үстімен жүріп өтті.

kp.ru

Тартылған арқанның ұзындығы шамамен 100 метр. Яан Руз бұл қашықтықты сақтандыру құралының көмегімен жүріп өткен. Спортшының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода ол арқан үстінде әртүрлі трюк жасағанын көруге болады.

Руз – слэклайн бойынша үш дүркін әлем чемпионы және көптеген әлемдік рекордтың иесі. Ол өткен жылы қыркүйекте арқан бойымен Азиядан Еуропаға Босфор бұғазы арқылы өткен еді. Сол кезде арқан 165 метр биіктікте орналасты, ал ұзындығы шамамен 1100 метр болды.

2022 жылы Яан Руз Қазақстанға келіп, әйгілі Бозжыра шатқалындағы "Қос азудың" арасын жалғаған аспалы арқан жолмен жүріп өткен болатын. Спортшы 200 метр биіктікте орналасқан жарты шақырым қашықтықты бағындырды.