Астанада әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздарының қатысуымен халықаралық турнир өтеді

Редактор Penalty.kz
13.01.2025, 14:19

25 қаңтарда жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes Халықаралық турнирі өтеді. 

@astanameet

Ауқымда шара әлемнің тоғыз қаласын қамтитын World Athletics Indoor Tour Gold 2025 сериясының шымылдығын ашады. Финалдық кезең Мадридте 28 ақпанда өтеді. 

Турнирде олимпиада чемпиондары, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған әлемдік жеңіл атлетиканың жұлдыздары өнер көрсетеді. 

Астанаға олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, “Гауһар лигасының” бірнеше дүркін жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, жабық кешенде халықаралық жарыстардың дебютанты Кишейн Томпсон (Ямайка), Олимпиаданың қола медаль иегері Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания), әлемдік рейтингтің көшбасшысы Корнелиус Тувей (Кения), әлем чемпионы Маркиз Денди (АҚШ), Олимпиада финалистері Тина және Тиа Клэйтон (Ямайка), олимпиада чемпионы Наташа Моррисон (Ямайка), әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сада Уильямс (Барбадос) және т.б келеді. 

Жарыс Qazaqstan жеңілатлетикалық кешенде өтеді.