Қазақстан құрамасы алғашқы төрттікте тұр

Редактор Penalty.kz
15.01.2025, 10:07

Универсиада-2025 жарысында төртінші күнінің қорытындысы бойынша медальдар кестесі шықты. 

Ulyssport.kz

Қазақстан құрамасы Универсиада-2025 жарысының төртінші күнінің қорытындысы бойынша медальдар кестесінде қай орынға тұрақтағаны белгілі болды. 

Ұлттық құрама бір алтынмен алғашқы төрттіктің қатарында тұр. Ұлыбританияда да дәл солай. 

Көш басында әзірге Франция (3 алтын, 1 күміс) келеді. Екінші орынға Финляндия (1 алтын, 1 күміс) жайғасты. Үздік үштікті Украина түйіндеп тұр - 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль. 

Айта кетейік, Қазақстан қоржынына түскен алтын медальді жуырда фристайлшы Анастасия Городко жеңіп алған болатын.