Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстан футболына 200 млрд теңге бөлінген

Редактор Penalty.kz
15.01.2025, 14:30

 

Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов "Астана" футбол клубы мен "Барыс" хоккей клубына бөлінген қаражат сомасын жария етті.

orda.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан футболына бөлінген 200 млрд теңгенің қыруар бөлігі шетелдік легионерлерге төленгені белгілі болды.

“Астана” футбол клубы айтар болсақ, соңғы алты жыл ішінде жүргізілген талдаулар нәтижесінде оларға ₸50 млрд бөлінгені белгілі болды. Қаржының қомақты сомасы “Самұрық-Қазына“ есебінен төленді. Кейін шығындарға тағы да талдаулар жасап оларға тиесілі соманың 60-70% көбінесе легионерлерге берілген еңбекақы екені анықталды. Яғни бір, екі, үш маусым бойы доп тепкен шетелдіктерге қомақты ақша төленді. Қазір біздің чемпионатта бұл футболшылардың бірен-сараңы ғана қалды. Дегенмен футбол клубының рейтингі төмендеп келе жатса да, қыруар қаражат бөлу жалғасып келеді. Осынша ақша бөлу қаншалықты өзін ақтайды деген сұрақ туындайды. Оған қоса ”Астана” футбол клубының кәдімгі кәсіби футбол командалары сияқты өзінің ешқандай инфрақұрылымы не базасы жоқ”, – деді Сарқұлов мәжіліс отырысында.

Сарқұловтың сөзінше “Барыс” хоккей клубындағы жағдай да осындай. 

“Соңғы алты жылда ₸49 млрд бөлініпті. Ақшаның қыруар бөлігі бұрын ойнап, қазір кетіп қалған шетелдік хоккейшілердің қалтасында кетті. Қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын анық көреміз. Негізінен оны жаңа инфрақұрылым салуға бағыттауға болар еді”, — деп атап өтті антикор төрағасының бірінші орынбасары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары