Париж олимпиадасының жүлдегерлері медальдарын қайтарды

Редактор Penalty.kz
15.01.2025, 18:40

Париждегі олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар медальдардың бүліне бастағанына шағымданды. 

rbc.ru

Мұндай мәселе әсіресе қола жүлделерде қатты байқалады. Медаль бойынша ең алғашқы болып американдық скейтбордшы мен француздық жүзуші шағым түсірген. Олар медальдарды тот басып, кетік пайда болғанын айтқан.  

Қазір медальдың сапасына наразы жүзден аса спортшы шағым түсірді. Осыған байланысты Париж монета сарайының өндіріс және сапа бойынша 3 басшысы қызметінен босатылды. Медальдерге лак жалату кезінде қажетті талаптар сақталмағаны белгілі болды. 

Шағымданушы спортшылардың жүлделері басқасына алмастырылады.