Ресейлік хоккейшінің АҚШ-тағы үйіне ұрылар түсті
15.01.2025, 19:28
"Питтсбург" шабуылшысы Евгений Малкиннің үйі тоналғаны туралы ақпарат тарады.
sportbox.ru
Ұрлық дерегі 12 қаңтар күні Пенсильвания штатындағы Сьюикли-Хайтс қалашығында тіркелді. Бұл оқиға “Питтсбургтің” өз мұзайдынында “Оттаваға” қарсы матчында (0:5 есебімен) ойнап жатқан күні болған. Матч аяқталған соң Малкин полицияға арыз берді.
“Үйімнің тоналғаны туралы жаңалық жалған емес. Бірақ қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толығырақ мәлімет бере алмаймын”, – деді Малкин.
Ұрылар Малкиннің Стэнли Кубогындағы жеңістері үшін берілген чемпиондық жүзіктерін (2009, 2016 және 2017 жылдары) үптеп кеткен. Оқиға кезінде үйдегі дабыл жүйесі мен бейнебақылау камералары толық өшірілген. Сонымен қатар ұрылар үйдің артқы есігін бұзып кіріп, сейфті ашып алған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама