Параспортшылар Туриндегі универсиадада тағы екі медаль иеленді

Редактор Penalty.kz
15.01.2025, 17:00

Қысқы универсиада ойындарында парашаңғышы Денис Зинов 10 км еркін жүрістен күміс медаль иеленсе, Роман Құрбанов қола медальға қол жеткізді.

caravan.kz

Әзірге Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола бар.

“Бұл жетістік еліміздің параспортшыларының қажырлы еңбегін, спортшыларымыздың қайсарлығы мен мықты рухын тағы бір мәрте әлемге паш етті. Екі спортшымызды да жеңістерімен құттықтап, болашақтағы жарыстарда одан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін! Барлық спортшыларымызға алдағы сындарда табыс, күш-қуат тілеймін!”, - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бұған дейін Анастасия Городконың фристайл-могулда алтын медаль жеңіп алғаны туралы жазған едік.